Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.

История

«Жастық жігер» мектептен тыс аула клубының тарихы

2009 жылы 28-тамызындағы қаулысымен ашылған «Алға қаласындағы « Жастық жігер» мектептен тыс аула клубы» мемлекеттік мекемесі. Мекеме басшысы – Текеш Серікбай Нұрғазыұлы.

     Аула клубының жұмысына жылдар бойынша тоқталатын болсақ,

    Алғашқы құрылған жылы Уалиханов көшесі, 14 үйге (қазіргі «Ардагерлер және мүгедектер қоғамдық ұйымы» 150 оқушы қамтылып, эстетикалық, спорттық, техникалық бағытта 5 үйірме жұмыс жасады.

     2011-2012 оқу жылында мекемеге қосымша штаттар беріліп, қалаға жақын Бестамақ, Тамды, Есет- батыр, Қарағаш ауылдарынан филиалдар ашылып, оқушылар саны 700-ге жетіп, тоғызқұмалақ, шахмат, мерген атқыштар,ән – би, ағылшын тілі үйірмелері өз жұмыстарын жандандырды.

     2015 – 2016 оқу жылының қыркүйегінде мекеме Айымбаев көшесі 32- үйге көшіп келді.

Аула клубының мақсаты: оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін, ғылыми – техникалық білімге қызығушылығын арттыру, жеке тұлғаның дамуына қалыпты жағдай туғызу, ата-аналардың ұсыныстарын ескере отырып балалардың бос уақыттарын тиімді өткізуді ұйымдастыру.

      Міндеті: балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін, өнертапқыштығын дамытуды қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдерді өмірге, қоғамға бейімдеу, құрастырылатын модельдер мен экспонаттардың техникалық – дизайнерлік деңгейін көтеру, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттауда,оқушылардың кәсіби бағдарын анықтауда практикалық көмек көрсету.

Аула клубы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын» ұстана отырып қызмет атқарады.

      Аула клубы техникалық- модельдеу, көркемдік – эстетикалық бағыт және оқушылардың жазғы демалысы бойынша жұмыс жасайды. Негізгі бағыты – техникалық – модельдеу, сондықтан осы бағыт бойынша жұмыстар кеңінен жүзеге асуда.

Мекемеде сабақ 2 кезеңде ұйымдастырылады.

    Сонымен қатар аула клубында ата- аналар жиналысы,яғни ата – анамен байланыс үнемі жүзеге асырылып отырады. Тәрбиелік іс –шаралар, атап айтар болсақ, жоспар бойынша ұйымдастырылып отырады.

    2016-2017 оқу жылында оқу-тәрбие процесінің бағыттарының өзгеруіне байланысты аула клубының жұмысы 3 бағытта техникалық, сурет және қолөнер бағытымен жұмыс жасауда.

Аула клубындағы жетістіктерге тоқталатын болсақ, балалар мен жастардың шығармашылық – техникалық қабілеттерін ерте дамыту, дарынды балаларды анықтау, олардың шығармашылық еңбегіне қажетті жағдай жасау мақсатында жыл сайын облыстық «Жасөспірімдер шығармашылығы» байқауына қатысып, командалық есеппен алдыңғы үштіктен көрініп отыр. Және де аула клубы ұжымы 2012 ж. Тамды мектеп – интернатына қайырымдылық концертін өткізіп, интернат тәрбиеленушілеріне заттай сыйлықтар берілді. Аудан көлемінде «Мұғалімнің кәсіби тұлғасын қалыптастыру – оқу – тәрбие үрдісінің тиімділігі мен сапасын арттыру негізі» атты әдістемелік семинар жоғары деңгейде өтті.

    Сонымен қатар 2015 жылы білім саласындағы жетістіктері үшін «Үздік қосымша білім беру ұйымы» деп танылып, аудан әкімінің 250 000 (екі жүз елу мың) теңге грантын иеленді және осы қаражатқа техникалық бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатында көптеген техникалық құралдар алынды.

      «Үздік қосымша білім беру педагогы» грантының иегері, біліктілік деңгейі жоғары санатты педагог С.Н.Текештің, облыстық және республикалық шахмат жарысының бірнеше дүркін жеңімпазы З.Е.Туралиева, «Үздік қосымша білім беру педагогы» Б.А.Малдыбаев, «Жыл әдіскері»И.С.Мураталиева, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстардың жеңімпазы И.Гайдаржи, облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері М.Т.Нұғманов, А.М.Бектемисованың, т.б. қосымша білім беру педагогтардың еңбектерін мақтанышпен атауға болады.